TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts және басқа да платформалар біздің контентті тұтыну тәсілімізді әлдеқашан өзгерткен. Олар көңіл көтереді, үйретеді, жарнама мен саясатқа ықпал етеді. Бірақ жаңа зерттеулер көрсеткендей: шексіз айналдыру (scroll) миға айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды
ТОЛЫҒЫРАҚ
Австралиядағы Гриффит университетінің ғалымдары 71 ғылыми мақаланы негізге алып, шамамен 100 мың қатысушының деректерін талдап, қысқа видеолардың когнитивтік функциялар мен психикалық денсаулыққа қалай әсер ететінін анықтауға тырысқан.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қысқа видеоларды жиі көру ми қызметін төмендетіп, назарды шоғырландыруды және реакцияны бақылау қабілетін нашарлатады. Бұл құбылыс жасөспірімдерге де, ересектерге де қатысты.
Ғалымдар тұжырымдарын Гроувс пен Томпсонның «үйрену мен сезімталдықтың қос теориясына» сүйеніп жасаған. Бұл теория когнитивтік процестердің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.
ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІ
Австралиялық зерттеушілер мынадай қорытындыға келді:
Зерттеушілер бұл әсер барлық жастағы адамдарда байқалатынын атап өтті — қысқа видеоларға көп уақыт бөлетіндерде назарды шоғырландыру айтарлықтай төмендейді.
Ғалымдар қысқа видеоларға тәуелділікті өлшеуге көмектесетін арнайы шкала жасап шығарды. Бұл болашақ зерттеулерге пайдалы болмақ.
Авторлар қысқа видеолардың танымалдылығы артқан сайын олардың когнитивтік функциялар мен мінез-құлыққа әсерін тереңірек зерттеу қажеттігін айтады.
Алынған деректер енді осы платформалардың күнделікті өмірге ықпалын түсінуге бағытталған болашақ зерттеулерге негіз бола алады.