«Қазгидромет» синоптиктері 22 қараша, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей кездері тұман болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ, төменгі деңгейлі боран күтіледі. Облыстың батысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыс желі күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Жезқазғанда түнде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады, күндіз оңтүстігі мен шығысында қар күтіледі. Түнде төменгі деңгейлі боран, көктайғақ болады, күндіз оңтүстігі мен шығысында төменгі деңгейлі боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі. Түнде төменгі деңгейлі боран, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде төменгі деңгейлі боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, облыстың шығысы, оңтүстігі және орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде көктайғақ күтіледі.
22-23 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, 22 қараша күндіз, 23 қараша түнде облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с. Таразда 22-23 қарашада кей кездері тұман болады.
Күндіз Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, таңертең және күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыс желі күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел шығыстан, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей кездері 23-28 м/с.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ, төменгі деңгейлі боран күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Павлодарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде көктайғақ күтіледі.
Астанада көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.