Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы өзгертіледі

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу туралы бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатта елдегі жалпы жұмыс күшінің 0,25%-ы деңгейінде шек белгілеу ұсынылады. Тиісті ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Министрлік сондай-ақ жеке тұлғалар жалдайтын шетелдік жұмысшыларға қатысты көлемді сақтауды ұсынып отыр. Бұл санат үшін квота 2,9% деңгейінде қалдыру көзделген.

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды және оған 5 желтоқсанға дейін пікір қалдыруға болады.

АНЫҚТАМА

Шетелдік мамандарды тарту квотасын министрлік ішкі еңбек нарығын қорғау үшін жыл сайын белгілейді. 2025 жылы жалпы лимит жұмыс күшінің 0,2% деңгейінде (14,8 мың адам) болған, алайда кейін өңірлердің сұранысына байланысты 16,5 мыңға дейін ұлғайтылған.

Биылғы тамыздан бастап маусымдық кәсіптер тізімінің кеңеюіне байланысты квота 0,25% деңгейіне (19,4 мың бірлік) қайта көтерілді.

1 қазан күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 14 666 шетелдік маман жұмыс істейді.