Моңғолиялық әнші Silk Way Star байқауының жеңімпазы атанды

Сырым Қаржас
Қазинформ

Астанада Silk Way Star халықаралық жобасының гранд-финалы мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жеңіс монғолиялық әнші Мишель Джозефке бұйырды.Жеңімпаздың есімін Димаш Құдайберген жариялады.

Моңғол әртісі дәстүрлі уртын ду ән салу мәнерін поп, R&B және фанкпен шебер ұштастыруымен танымал. Ол моңғол және ағылшын тілдерінде өнер көрсетеді және қазіргі моңғол музыка сахнасының ең жарқын өкілдерінің бірі саналады.

ФИНАЛ ЖАЙЛЫ

Шоудың соңғы кезеңіне әр елден жеті өнерпаз қатысты: Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай).

Жеңімпаз аралас жүйе арқылы анықталды: дауыстың жартысын қазылар алқасы, қалған жартысын көрермендердің онлайн-дауыс беру нәтижесі берді. Финал Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді және бірқатар шетелдік арналарда қатар тарады: Space TV (Әзербайжан), «Сафина» (Тәжікстан), «Музыка» және «Маданият» (Қырғызстан), UBS және «АИСТ Глобал» (Моңғолия), Zor TV (Өзбекстан), Georgian Times (Грузия).