Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қонаев қалаларында терроризмді насихаттады деген күдікпен алты адамды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратқа қарағанда, күдіктілер діни негізде шабуыл жасауға және кісі өлтіруге үндеген.
«Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді. Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды», – делінген комитет таратқан ақпаратта.
ҰҚК ылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.
Комитет мәліметінше, 3 қарашада «терроризмге шақыратын материалдар таратқаны үшін» Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға сотталған.
Жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.