Украина Жоғарғы Радасының спикері Руслан Стефанчук соғысты аяқтау жөніндегі келіссөздер барысында Киев үшін қай мәселелер өзгермейтін «қызыл сызық» болып саналатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Стефанчуктың айтуынша, Украина үшін негізгі «қызыл сызықтар» мыналар:
Ресей басып алған аумақтарды өзге мемлекеттердің ресми түрде мойындауы;
Украинаға өзін қорғауға қойылатын кез келген шектеулер;
Украина болашақта кіре алатын одақтарға қатысты шектеулер.
Ол бұл туралы Швецияда өткен «Қырым платформасы» саммитінде мәлім етті, деп жазады BBC.
Бұл ұстанымдар — Киевтің бұрыннан айтып келе жатқан позициясы. Алайда олар АҚШ ұсынып отырған соғысты аяқтау жөніндегі жоспардың кейбір тармақтарымен сәйкес келмейді. Бұл жоспар өткен аптада Украинаға таныстырылған болатын.
Стефанчук сонымен қатар, Украина үшін ЕО мен НАТО-ға мүше болу — қауіпсіздік кепілдіктерінің және кез келген бейбіт келісімнің ажырамас бөлігі болуы керек екенін атап өтті.
ҰСТАНЫМ
Еске салайық, бұған дейін Ұлысмедианың бас редакторы Самал Ибраева Украинаның жаһандық геосаясат құралына айналуы тұралы өз ойын жазған болатын.