Тұман түсіп, көктайғақ болады - синоптиктер ескерту жасады

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» синоптиктері 25 қараша, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, Алакөл көлдері маңында екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман күтіледі. Атырауда кей уақытта тұман болады.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Солтүстікте, оңтүстікте, орталықта оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Оңтүстікте тұман күтіледі.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Батыста, солтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Оралда тұман болады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман күтіледі.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Түнде шығыста көктайғақ күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте кей уақытта тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, күндіз солтүстікте екпіні 15 м/с. Қарағандыда кей уақытта тұман күтіледі.

АБАЙ ОБЛЫСЫ

Түнде шығыста, оңтүстікте, орталықта қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, оңтүстікте тұман болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз шығыста, оңтүстікте қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, солтүстікте, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Өскеменде түнде көктайғақ күтіледі.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Батыста, солтүстікте көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Қостанайда тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақытта тұман күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болады.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Оңтүстікте, батыста тұман күтіледі. Павлодарда тұман болады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Күндіз батыста, солтүстікте, шығыста аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыста тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз 15-20 м/с, оңтүстікте екпіні 23 м/с. Петропавлда жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз 15-20 м/с.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Тұман күтіледі, түнде көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15-18 м/с.