Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанға ресми сапармен барған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин «Ынтымак Ордо» резиденциясында ресми кездесу өткізуде.
РЕСМИ РӘСІМ
Ресей басшысын салтанатты түрде қарсы алу үшін Қырғызстан президенті әкімшілігінің алдында Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері мен жауынгерлері сап түзеп тұрды.
Путин мінген көлікті 40 салт аттыдан құралған кавалерия бастап жүрді. Протоколға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, енді Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келген шетелдік лидерлер дәл осылай қарсы алынатын болады.
Жапаров Путинді қарсы алып, екі елдің гимндері орындалды. Содан кейін мемлекет басшылары құрмет шеңберін жасады. Ресей президенті гвардия жауынгерлеріне: «Саламатсынбы, аскер!» деп амандасты.
КЕЛІССӨЗДЕР
Салтанатты рәсім мен фототүсірілімнен кейін тараптар «Ынтымак Ордо» ғимаратына өтіп, тет-а-тет форматындағы келіссөздерге кірісті.