Үкімет 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі бойынша жұмыс істей алатын қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы жаңа салық режимі енгізіледі. Осыған байланысты рұқсат берілетін қызмет түрлерінің тізімі бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
40 ҚЫЗМЕТ БАҒЫТЫ
Үкімет мақұлдаған тізімге 40 түрлі қызмет кіреді. Олардың қатарында:
мал шаруашылығын дамытуға байланысты қызмет түрлері;
музыкалық аспаптар өндірісі;
сылақ жұмыстары;
ағаш ұстасы және құрылыс ағаш жұмыстары;
еден жабу және қабырғаларды қаптау;
сырлау және әйнек орнату жұмыстары;
желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда;
такси қызметі;
кейбір пошта және курьерлік қызмет түрлері;
дайын тағамды жеткізу қызметі;
тұрғын үйді жалға беру, субаренда және басқару;
фотография саласындағы қызмет;
ауызша және жазбаша аударма;
ветеринариялық қызмет;
жеке тұтынуға арналған тауарларды жалға беру және лизинг;
тұрғын үйлерді жалпы тазалау;
интернет-платформалар арқылы көрсетілетін коммерциялық көмекші қызметтер;
спорт және демалыс саласындағы білім беру;
мәдениет саласындағы білім беру;
өзге де білім беру қызметтері;
көркем және әдеби шығармашылық;
компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды жөндеу;
байланыс жабдықтарын жөндеу;
тұрмыстық электроника жөндеу;
тұрмыстық және бақша техникаларын жөндеу;
аяқ киім жөндеу;
былғары және галантерея бұйымдарын жөндеу;
жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;
қол сағаттары мен өзге де сағаттарды жөндеу;
зергерлік бұйымдарды жөндеу;
тоқыма және трикотаж бұйымдарын жөндеу;
тігін, бас киім және галантерея бұйымдарын жөндеу;
тері және тон бұйымдарын жөндеу;
музыкалық аспаптарды жөндеу;
кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;
велосипед жөндеу;
өзге тұрмыстық заттарды жөндеу;
шаштараз және сұлулық салондарының қызметі;
үй шаруашылығында жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа алу;
жеке тұтынуға арналған өнім өндіретін үй шаруашылықтары.
САЛЫҚ КОДЕКСІ
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер 2026 жылдан бастап күшіне енеді.