Айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге өседі

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Бүгін Парламент үш жылдық республикалық бюджетті қабылдады. Құжатта алдағы есептеулерге қажет негізгі көрсеткіштер нақты жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылға арналған басты көрсеткіштер

  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге).
  • Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз қалды).
  • Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге).
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге).
  • Тіршілік ету минимумы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).

АЕК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

Айлық есептік көрсеткіш – мемлекет бекітетін тұрақты сома. Ол арқылы айыппұлдар, жәрдемақылар, салықтар, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер есептеледі. Бұл жүйе әр төлемді жеке қайта есептемей, бір ғана көрсеткішке байлап қоюға мүмкіндік береді.

Баға мен өмір сүру деңгейі өсіп отырғандықтан, айлық есептік көрсеткішті көтеру – айыппұлдар мен төлемдердің инфляцияға сәйкес түзетілуін қамтамасыз етеді. Осылайша ақша өзінің құнын жоғалтпайды.

БҰҒАН ДЕЙІН

КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР

Құжатта мемлекет жыл сайын шығындарын арттыратыны көрсетілген – шамамен жылына қосымша 1 триллион теңге.

Шығыстар көлемі:

  • 2026 жыл – 27,7 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 28,7 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 29,7 триллион теңге.

Ал кірістер шығыстан аз болады. Елдің кірісі (трансферттерді есептемегенде):

  • 2026 жыл – 19,2 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 21,2 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 23,2 триллион теңге.