Батыс қазақстандықтар дүкеннен тұз таппай қалды

Сырым Қаржас
rtvi.com

Оралда соңғы күндері дүкендер мен супермаркеттерден ас тұзын табу қиын болып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

mgorod.kz жазған мәліметке қарағанда, тұрғындар тұз іздеп оннан аса дүкен аралап шыққан. Барлық жерде сатушылардың жауабы бір: қалған өнім түгел сатылып кеткен.

СЕБЕБІ

Жеткізушілер тұз жеткізу өңірге бір ай бұрын тоқтағанын растады. Негізгі себеп — Қазақстандағы теміржол вагондарының тапшылығы және тасымалдауға қатысты енгізілген жаңа талаптар. Бұл тұзды Ресей өндірушілерінен жеткізуді қиындатып отыр, ал жергілікті кәсіпорындар сұраныстың тек бір бөлігін ғана қамтамасыз етеді.