Семейдегі мәдени кешен коммуналдық қызметтер үшін ай сайын 132 млн теңге төлеп отыр

Ulysmedia

Қаладағы ең үлкен стадионның атауы бірнеше жылға демеуші брендке жалға берілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Арена» мәдени-спорттық кешені 2019 жылы салынған. Онда спорт залдары, бассейн, стадиондар, концерт алаңдары бар.

Алайда кешеннің коммуналдық қызметке жұмсайтын шығыны қомақты болып тұр. Нақты айтқанда, жылына бұл үшін 132 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Осы ретте, әкімдік нейминг тәсілін қолданулы жоспарлап отыр.