Украина президенті Владимир Зеленский Украина жерін бейбітшілікке алмастыруға келіспейді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Украина президент кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак The Atlantiс басылымына сұхбат берді.Ол Украина өз жерін бейбітшілікке алмастырмайтынын айтты.
«Қазіргі кезде бірде-бір ақыл-есі дұрыс адам жерді беру туралы құжатқа қол қоймайды. Зеленский президент болып тұрғанда, ешкім бізден жерін береді деп ойламасын. Ол жерді беру туралы құжатқа қол қоймайды. Конституция бұған тыйым салады. Украина Конституциясы мен украин халқына қарсы шыққысы келмесе, ешкім мұны істей алмайды», – деді ол.
Ермактың сөзінше, қазір әңгіме майдан сызығын анықтау мәселесі жөнінде ғана. The Atlantiсосылайша Ермак келісімнің келесі кезеңіне қатысты Украина ұстанымы қандай екенін аңғартты деп жазды.
Контекст
Украина АҚШ-пен келіссөз кезінде бейбітшілік жоспары тармақтарының басым бөлігіне келіскен. Трамп бастапқыда 28 тармақтан құрастырылған бейбіт келісім жоспары 22-ге дейін қысқарғанын айтқан.. Бастапқыда ол Ресейге іс жүзінде Донецк және Луганск облыстарын беруді қарастырған. Дегенмен жер мәселесі мен Украинаның НАТО-ға қосылуы шешілмеген күйі қалған. Зеленский мұны Трамппен кездескен кезде талқылайды.
Трамп келісімнің жай-жапсарын талқылау үшін өзінің өкілдеріне Зеленский және Путинмен кездесуді тапсырған.
Путин Украина әскері Донбастан кетпейінше соңына дейін соғысуға дайын екенін айтқан. Зеленский АҚШ пен Украина келіссөзі осы апта және келесі аптада өтетінін айтты.