Бас банкир Сүлейменов 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны рас па?

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1,7 миллиард теңге сыйақы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сүлейменов сыйақы туралы ақпаратты растамады. 

- Себебі 1,7 миллиард жалпы жалақының өзі. Оның ішінде, денсаулыққа байланысты демалысқа шығу, еңбек демалысы бар. Біз алған жалақының бәрі сол санда есептелген. Яғни 1,7 миллиард деген сыйақы емес, – дейді Сүлейменов. 

ЖЕЛІДЕГІ АҚПАРАТ

Желіде 2024 жылы Тимур Сүлейменов бастаған топ-менеджерлер және директорлар кеңесі өздеріне 1,7 миллиард теңге сыйақы жаздырған деген ақпарат тарады. Ал дәл сол жылы Ұлттық банк 355 миллиард теңгеге шығынға батып жатқан еді.