Баспана бағасы: ең қымбат пәтерлер қай қалада

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Қараша айында Алматыдағы екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы тағы да 2,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қарашада екінші нарықтағы баспана бағасының өсім қарқыны бойынша көш бастап тұрған қалалар – Астана (+5,8%), Алматы (+2,4%) және Ақтөбе (+2,3%), деп жазады Krisha.kz. Бір апта ішінде Алматыдағы орташа баға тарихи межеден асып, шаршы метрі 803 380 теңгеге жетті. Елдің басқа өңірлерінде өсім қалыпты деңгейде – 2 пайыздан аспайды.

БАҒАЛАР: 

  • Ең қымбат пәтерлер қазір Алматыда – шаршы метрі 786 мың теңге.
  • Астанада – шамамен 572 мың теңге.
  • Шымкентте – 470 мың теңге.
    Ал ең арзан екінші нарықтағы баспана Қызылорда, Тараз және Ақтөбеде тіркелген: шаршы метрі 262 мыңнан 317 мың теңгеге дейін.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстанда тұрғын үй төлемдерін алатын күш құрылымдары қызметкерлерінен өтінім қабылдау басталады. Олар үшін бірден екі бағдарлама іске қосылады: «Наурыз Әскери» – жаңа тұрғын үй сатып алуға, «Әскери баспана» – екінші деңгейлі нарықтан үй алуға арналған.

17 қарашадан бастап «Отбасы банк» тұрғын үй төлемдерін алушылардан несие өтінімдерін қабылдауды бастайды. Олардың қатарында Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және басқа да ведомстволардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері бар.