Алматыда жас жігіт кездесіп жүрген қызын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады

Ulysmedia

Розыбакиев көшесі бойындағы Мега ауданында кісі өлтіру қылмысы және суицид жасалды. Жігіт салонға кіріп, қызын өлтірді, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады Ulysmedia.kz порталы Kris.p.almaty телеграм-каналына сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы полиция департаменті бұл деректі растады.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сараптама тағайындалды. Кісі өлтіру мен суицид жағдайлары анықталуда", - дейді полицейлер.