Батыс Қазақстандағы ереуілшілерге волонтерлер көмектесіп жатыр

Аян Өрібай

Бөрілі ауданы Ақсай қаласындағы KKC-Sicim компаниясы мұнайшыларының ереуілде тұрғанына бүгін бесінші күні болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

Кеше Италиядан Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли ұшып келіп, жалақыны 50% өсіруді талап еткен жұмысшылармен кездескен. Ол да жалақыны көтере алмайтынын айтқан. Алайда жұмысшылар бұл жауапқа қанағаттанған жоқ.

Мұнайшылар 16 қаңтардан бері ереуілде тұр.