Сатыбалдының ұлына тиесілі болған базар арзанырақ сатылмақ

Сырым Қаржас
Фото: E-qazyna

Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған базар арзанырақ сатылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

E-qazyna порталындағы мәлімет бойынша 18 қарашада басталған сауда өтпей қалған. 

Бастапқыда базардың құны 28 639 882 000 теңгеге бағаланған. Қазіргі уақытта “Байсат” 26 706 317 643 теңгеге деп бағаланып отыр

Айта кетейік, ашық дереккөздердің мәліметінше, базар Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі күшіне еніп, Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Байсат» базарына қатысты барлық мәміле заңсыз деп танылған болатын.

Тергеу барысында кешеннің заңсыз сатылғаны анықталды. Аумағы 4,2 мың шаршы метрден асатын үш нысан және 1,4 гектар жер телімі «Совместное предприятие КазГерСтрой» ЖШС мен «Astana Financial Group» ЖШС-нің иелігінде болған. Бұл екі компания бір-бірімен байланысты болып, Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі екені белгілі болды.