Қытайлықтар енді Ресейге де визасыз кіре алады

Сырым Қаржас
Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин Қытай тұрғындарының елге визасыз келуіне мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатқа сәйкес, визасыз режим 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін күшінде болады. Осы мерзімге дейін ҚХР азаматтары Ресей аумағына визасыз кіріп, 30 күнге дейін тұра алады. Олар елге қонақ ретінде, іскерлік сапармен, турист ретінде немесе ғылыми, мәдени, қоғамдық-саяси, экономикалық және спорттық шараларға қатысу үшін келе алады. Сонымен қатар транзиттік өтуге де рұқсат бар. Бұл туралы “Медуза” хабарлады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қытай Ресей азаматтары үшін де дәл осындай — 30 күндік — бір жылдық сынақ режиміндегі визасыз кіру тәртібін енгізген болатын.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қытайдың 15 қыркүйектен бастап ресейліктерге бір жыл бойы визасыз келуге рұқсат беретіні хабарланған еді. Ол тек шетелдік жалпы азаматтық паспорт иелеріне қолданылады.

ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН

Еске салайық, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим 2023 жылдың 10 қарашасынан бері күшінде.