Заңгер Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Инга Иманбайдың сөзінше, бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді.
- Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз, – дейді заңгер.
ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ
Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.
Бұған дейін әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынғанын жазған едік.