Атырауда зиратты талқандаған үш жасөспірім ұсталды

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр/"Мой город"

Атырауда зиратты талқандады деген күдікпен үш жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еркінқала ауылы маңындағы қабірлердің бүлінуіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастағанын мәлімдеді.

– Күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Олардың барлығы кәмелетке толмаған, тергеу барысында олардан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір заңда барлық тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының есебіне қойылады, ал іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Тергеу барысында құқықбұзушылардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралады.