Украинаға танк жеткізу туралы шешім Германияның кесірінен қабылданбады

Ulysmedia

Украинаға танктерді жеткізу туралы саяси шешім әлі қабылданған жоқ, бұл негізінен Германияның ұстанымына байланысты, деп мәлімдеді lDiario басылымына берген сұхбатында Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Хосеп Боррел. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Жозеп Боррелдің айтуынша, Украинадағы соғыс тоқырау кезеңіне жетті. Осының аясында Еуропада танктерді жеткізу туралы пікірталастар жалғасуда.

"Украинаға ресейліктерді ұстауға ғана емес, сонымен бірге олардың майданын бұзып, қарсы тұруға мүмкіндік беретін қару-жарақ беру-жеткізу мәселесі талқыланып жатыр. Ал бұл қаруды жеткізу туралы шешім қабылдау тым баяу қозғалуда", - деді Боррелл.

Сонымен бірге ол Украинаға Батыс танктерінің жеткізілуін қолдайтынын, әйтпесе соғыс жалғаса беретінін атап өтті. Бірақ Борреллдің айтуынша, шешім негізінен Германияның ұстанымына байланысты кейінге қалдырылып отыр.

"Бұл негізінен Германияның ұстанымына байланысты әлі күнге дейін қабылданбаған саяси шешім. Егер бұған қол жеткізілмесе, соғыс келесі көктемге дейін жалғасады, ол кезде Ресей жаңа шабуыл жасауға тырысуы мүмкін", - деді ол. .

Рамштайн форматындағы соңғы кездесуде серіктестер Украина үшін танктерге қатысты біртұтас шешімге келмеді.