Екібастұздағы үйлер тағы да жылусыз қалды

Ulysmedia

Екібастұзда 22 қаңтарда төрт учаскедегі жылу желілерінің зақымдануын жою мақсатында жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz әкімдікке сілтеме жасап.

Ашық дереккөз


Екібастұз қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, қалада 8 учаскедегі жылу желілеріндегі зақымдарды жою бойынша жөндеу жұмыстары жоспарланған.
 

- Барлығы 12 дәнекерлеуші, 18 темір ұстасы және 7 инженерлік-техникалық жұмысшы, сондай-ақ 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылады, - деді әкімдікте.

Жылу ажыратылатын мекенжайлар:

Марғұлан көшесі, 1 «а» - үй бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 1 көп қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

М. Жүсіп көшесі,  58/1-үй  бағытында ақаулы учаскені  ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін 1 көп қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда;

12 линейный көшесі бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 32 жеке тұрғын үй мен 4 заңды тұлғаны жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

М. Әуезов көшесі, 61/1, 65-үйлер бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 2 көп қабатты тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

Шевченко көшесі, 30-үй бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін 9 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда;

Южный көшесі, 8-үй бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 15 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;

Торайғыров көшесі, 32-үй бағытында қайта жөнделген  жылу желісін қайта кесу, осыған байланысты сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін 1 әлеуметтік объектіні жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда;

А. Молдағұлова көшесі мен Восточный проезд бағытында ақаулы учаскені ауыстыру, осыған байланысты сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін 5 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімге ажырату жоспарлануда.

Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жылудан ажыратылған үйлердегі жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі.