Универсиадада-2023: Қазақстан қоржынында 11 медаль бар

Ulysmedia

Оның үшеуі алтын, төртеуі күміс, төртеуі қола, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ел қоржынына алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков және шаңғышы Данил Васильев салды.

Күміс медаль иеленген спортшылар: биатлоншы Александр Мухин, шаңғышы Данил Васильев пен Сергей Ткаченко (командалық ойында), аралас эстфетада шорт-трек командасы (Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Абулкатимов, Әділ Ғалиахметов пен Еркебұлан Шамұханов) және шорт-тректен ерлер құрамасы (Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлишер Абулкамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов пен Валерий Клименко).

Универсиаданың қола медаль иегерлері – биатлоншы Александр Мухин, шаңғышы Ксения Шалыгина, әйелдер жарысында (Айша Рақышева, Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина) және хоккейден ерлер құрамасы.