Атырауда автобус жүргізушісі алты жасар баланы қағып мерт қылды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Атырауда автобус жүргізушісі алты жасар баланы қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні таңертең "Байтақ-2" шағын ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала автобус аялдамасы маңында жолдан өтіп бара жатқан кезде қоғамдық көлік оны қағып кеткен.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус рөлінде 58 жастағы жүргізуші отырған.

ТЕРГЕУ

– Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды, қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылғанын хабарлаған едік.