Дереккөздердің мәліметінше, Эстония президенті Алар Кариске Қазақстанға келгенде «Украина мәселесі бойынша қоғамдық қысым көрсетпеу» жөнінде қатаң ұсыныс жасалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Postimees басылымының жазуынша, Эстонияның Қазақстандағы елшісі Яап Ора президент Кариске Қазақстандағы сөйлеу мәтінінен Ресейге бағытталған сындарды алып тастау жөнінде кеңес бергені үшін қызметтен босатылған.
- Бұл Ресейді мақтау үшін емес, сөзді Қазақстан тарапы үшін “жұмсақтау” және “қабылдауға жеңілірек” ету мақсатында жасалған ұсыныс еді, — деп жазады басылым.
Эстонияда бұл жағдай дипломатиялық сәтсіздік ретінде бағаланды: сарапшылар елшіні қызметтен босату неғұрлым сабырлы түрде жүргізілуі керек еді деп есептейді.
— Неліктен Ораны сапардан кейін бірден жұмыстан шығару керек болды? Оған тағылған айыптар негізді болса да, бірнеше ай жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, кейін тыныш түрде кері шақыруға болмас па еді? Енді бұл жанжал баршаға жария болды. Бұл — кәсіби емес қадам. Себебі Қазақстанға сапар кезінде қателіктер кеткен болса, оларды кейін түзету мүмкін емес, ал керісінше, жағдайды одан әрі ушықтырып жіберуге болады, — деп жазады Postimees.
Айта кетейік, Эстония елшілігінің ресми сайтында Яап Ораның жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат жоқ — ол әлі де дипломатиялық миссия басшысы ретінде көрсетілген.