Астаналық тұрғын Салтанат Ержанова өзін Tesla Education білім беру орталығының әрекеттерінен зардап шеккенін айтып, Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бүгін, 11 желтоқсанда, Парламенттің төменгі палатасында мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Сол жиынға қатысушылардың арасында елорда тұрғыны, бес баланың анасы Салтанат Ержанова да болды. Ол депутаттарды Tesla Education орталығы төңірегіндегі жағдайға араласуға шақырды.
Әйелдің сөзінше, орталықтың әрекетінен көптеген отбасы, соның ішінде көпбалалы жанұялар да зардап шеккен. Ол оқу ақысын төлеу үшін 800 мың теңге көлемінде несие рәсімдегенін, алайда уәде етілген білім берілмегенін айтты. Соған қарамастан отбасы әлі күнге дейін банк алдындағы қарызын өтеп келеді.
— Әңгіме қызым Әдина жайында, ол сегізінші сыныпта оқиды. Біз жазда осы орталыққа жазылдық жарнамасы өте ауқымды болды. Бірақ қараша айында орталық кенеттен жұмысын тоқтатты. Біз және басқа көптеген отбасы бір жылдық оқу ақысын алдын ала төледік, жалпы сомасы — 800 мың теңге. Қазір жағдай түсініксіз: балалар сабақсыз қалды. , — деді ол.
Салтанат Ержанова елімізде халықты алаяқтық әрекеттерден қорғаудың тиімді шаралары жоқ екенін атап өтті.
Біріншіден, тұтынушылардың құқықтары мүлде қорғалмаған: ақша алып, жоқ болып кетеді. Біз банк алдындағы міндеттемелерді толық орындап отырмыз. Бірақ ең бастысы — балаларымыздың Қазақстандағы білім беру жүйесіне деген сенімі шайқалды. Қызым күн сайын: «Менің сабақтарым қайда? Неге сабаққа бармаймын?» деп сұрайды. Сіздерден өтінемін, мүмкін болса, бұл мәселені Мәжіліс деңгейінде көтеріңіздер! — деп түйіндеді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
Күзде жүздеген ата-ана Tesla education оқу орталығынан ақшасын қайтаруды талап етті.
Бұл жайтқа қатысты оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пікір білдірді. Оның сөзінше, мұндай орталықтар лицензия алмайды. Олар кәсіпкерлік кодекске сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ескерту қағаз келеді.