Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы доллар бағамындағы өзгеріс ішкі факторлардың жиынтығына байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
KASE саудасында доллар бағамы қатарынан бесінші сессияда өсіп жатыр.
- USD/KZT жұбы бойынша курс 520,22 теңгеге дейін көтерілді (+1,94 теңге). Сауда көлемі де артты — 310,9 млн доллар болды (+48,7 млн). Ал сыртқы ахуал, керісінше, бейтарап: сауда барысында мұнай бағасы да, доллар индексі де төмендеді.
Біздің ойымызша, мұндай динамика бірнеше ішкі фактордың ықпалынан туындап отыр. Олар — шетел валютасын сатып алуға қолайлы курс және жекелеген нарық қатысушыларының жыл соңындағы бір реттік сұранысы, — деп жазады сарапшылар.