Өзбекстандағы Экономикалық дамуға жәрдемдесу орталығының директоры Юлий Юсупов «Середина» подкастында Қазақстан экономикасы шикізат секторына тәуелділігі жоғары болғанына қарамастан, Өзбекстанмен салыстырғанда табыстырақ дамығанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның айтуынша, көрші елде халық саны екі есе көп болғанына қарамастан, дайын өнім жеткізу көлемі бойынша Қазақстан Өзбекстаннан айтарлықтай алда.
Экономист Қазақстанның ресурстық қоры анағұрлым мол екенін, соның салдарынан экспортта шикізаттың үлесі жоғары екенін атап өтті. Алайда, оның сөзінше, тіпті «голланд дерті» деп аталатын құбылыс жағдайында да Қазақстан экономикасы дайын өнімді Өзбекстанға қарағанда бірнеше есе көп өндіріп, экспорттап отыр.
Сондай-ақ Юлий Юсупов Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған экспорт көлемі кері ағымнан едәуір асып түсетінін еске салды. Бұл, оның пікірінше, елдегі өндірістік сектордың дамығанын көрсетеді.