Қазақстан НАТО стандарттарына сай оқ-дәрі өндірісін іске қосады

Сырым Қаржас
socialism.kz

Қазақстан НАТО стандарттарына сай оқ-дәрі өндірісін іске қосады. Өнім шығару 2027 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

RTVI жазуынша, Қазақстандағы ASPAN жобасы оқ-дәрінің негізгі компоненттерін өндіретін төрт зауыт салуды көздейді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 1 млрд доллар. Қазіргі таңда алғашқы зауыттың құрылысы жүріп жатыр, ол снарядтар мен миналардың корпустарын өндіреді.

Great Sky қазақстандық операторЫ өкілдерінің айтуынша, елде барлық қажетті шикізат қоры бар болғандықтан (металл, мақта, қышқылдар және өзге де ресурстар), жоба болашағы зор. Алғашқы өнімді шығару 2027 жылға жоспарланған. Қалған үш кәсіпорынның нақты мерзімі мен орналасатын орындары әзірге жарияланған жоқ.

ОҚ-ДӘРІ

Жоба аясында ресейлік үлгідегі 82 мм, 120 мм, 122 мм және 152 мм калибрлі артиллериялық снарядтар, сондай-ақ НАТО стандартына сай 155 мм калибрлі снарядтар мен 60 мм миномет оқтарын өндіру жоспарланып отыр.

– Қазақстан ұзақ уақыт бойы артиллериялық снарядтар мен миналарды ғана емес, тіпті атыс қаруына арналған патрондарды да өзінде өндірмеді. Соның салдарынан армияның жауынгерлік қабілеті Қазақстан аумағында қалған кеңестік қару-жарақ қоймаларына және Ресей мен бұрынғы кеңестік республикалардан жеткізілетін өнімге қатты тәуелді болды. Бұл елдерде оқ-дәрі өндірісі жолға қойылған. Жағдай бес жыл бұрын Қарағанды маңында канадалық компанияның қатысуымен атыс қаруына арналған патрондар зауыты іске қосылған кезде жақсара бастады. Енді снаряд өндірісіне кезек келді, бұл қазіргі геосаяси жағдайда аса маңызды, – деді басылымға аты-жөні жарияланбаған қазақстандық жоғары лауазымды әскери қызметкер.