Танымал визажист Әлия Назарбаева туған күнін қалай өткізгенін айтып берді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Визажист Роберт Минасян Қазақстанның экс-президентінің кенже қызы Әлия Назарбаеваның туған күніне байланысты Алматыға жасаған сапары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Минасянның айтуынша, Әлия Назарбаева оны мерекелік макияж жасау үшін қомақты гонорарға арнайы шақырған. Визажист экс-президенттің кенже қызының үйінде бес күн болған.

– Мен алғашқы «Биркин» сөмкесін шамамен 20 жыл бұрын Алматыда көрдім. Қысқасы, Әлия Назарбаева мені туған күніне макияж жасау үшін шақырды. Мен арнайы Мәскеуден ұшып бардым. Олардың үйінде бес күн болдым, көңіл көтердік. Таңнан кешке дейін іштік. Жақсы ақша таптым, бір макияж үшін маған «ондық» берді. Ол мені өзінің құрбысы Светамен таныстырды. Оны Қазақстанның «алмаз ханшайымы» деп атайды, елдегі бүкіл алмаз бизнесі соның қолында. Ол үйіне 50 мың доллар тұратын сөмкемен келген, – деді Роберт Минасян Рустам Солнцевке берген сұхбатында (@solncevrusya).

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Ulysmedia.kz дереккөздеріне сілтеме жасап, Әлия Назарбаеваның Мәскеуге қоныс аударғанын жазған болатын. Мәліметке сәйкес, оның Ресейде тұрақты тұруды таңдауы сол елдегі ірі бизнеспен байланысты.