Қазақстандық балалар Путинге үндеу жасады

Сырым Қаржас
rg.ru

Павлодардан Түменге қоныс аударған қыздар орыс тілі бойынша емтиханнан өте алмай қалды. Соның салдарынан билік өкілдері олардың мектепке баруына рұқсат бермей отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстаннан барған әпкелі-сіңлілі Саша мен Илона мигранттарға арналған міндетті орыс тілі тестінен өтуге қажетті балл жинай алмаған. Осыған байланысты олар Түмен қаласындағы мектептерге қабылданбай, қазір үйде оқуға мәжбүр.

Қыздар көмек сұрап Владимир Путинге видеоүндеу жолдаған.

– Құрметті Владимир Владимирович Путин. Менің атым Саша, мен 8 жастамын. Біз Қазақстаннан өз Отанымызға білім алу үшін көшіп келдік. Алайда комиссия мені өз ана тілімді білмейді деп есептеді. Мен орыс тілінен басқа ешбір тілді білмеймін. Өтінемін, мектепке қабылдануыма көмектесіңіз, – делінген видеоүндеуде.

БИЛІК НЕ ДЕЙДІ

Бұған дейін Владимир Путин шетелден көшіп келетін орыс тілді отандастарға қатысты ешқандай емтихан талаптары қойылмауы тиіс екенін мәлімдеген. Ол биыл 1 сәуірден бастап күшіне енген нормаларды қайта қарауды тапсырған.