Инфляция халық табысын тағы да төмендетті

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Қазақстандықтардың тапқанының бөлігін инфляция "жеп жатыр", деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы үшінші тоқсанда 324,6 мың теңге болды (айына шамамен 108,2 мың теңге). Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайыздық номиналды өсім дегенді білдіреді. Алайда тауарлар мен қызметтердің бағасының күрт қымбаттауын ескерсек, қазақстандықтардың нақты табысы 3,4 пайызға төмендеді. Бұл қатарынан екінші тоқсандағы нақты табыстың құлдырауы, соңғы рет мұндай жағдай 2016 жылы тіркелген еді. Мұндай деректерді Data Hub жариялады.

АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Нақты табыс 20 өңірдің 16-сында төмендеді. Ең көп құлдырау:

  • Астана қаласында — минус 8,9%
  • Ақтөбе облысында — минус 8,1%
  • Алматы облысында — минус 7,6%

Сонымен бірге, Астана ресми түрде табыс деңгейі бойынша көш бастап тұр — 509,4 мың теңге, ал Алматы үшінші орында — 462,9 мың теңге.

Ал нақты табыс өсімі мына өңірлерде байқалды:

  • Жамбыл облысы — плюс 3,4%
  • Қостанай облысы — плюс 1,8%
  • Ақмола облысы — плюс 0,4%