Қазақстандық "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы мен жапондық Kansai Electric Power Co. табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату жөнінде ұзақ мерзімді келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл жөнінде Ulysmedia тілшісіне Токиода "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов мәлімдеді.
Алайда мәміленің егжей-тегжейі әзірше жарияланған жоқ.
– Иә, біз серіктестерімізбен келісім жасадық. Олар – біздің бұрыннан келе жатқан әріптесіміз. Ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды, бұл сатылым географиясын әртараптандыруға бағытталған стратегиямызға сай келеді. Біз Жапонияға уран өнімдерін жеткіземіз. Келісімшарттың мерзімі, сомасы мен басқа да шарттары құпия болып қала береді, – деді Юсупов.
Еске салайық, бұған дейін Токиода "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумы өткенін хабарлаған едік.