Тоқаев Әшімовтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Сырым Қаржас
"Қазақфильм"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

– Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өткенін жазған едік.

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі сейсенбі, 23 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтетінін хабарлады.