Нұрлыбек Нәлібаев Назарбаевты үлгі тұта ма?

Ulysmedia
Скриншот

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтасыз ба?» деген сұраққа жауап бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз брифингінде журналист Серік Жолдасбай «Википедиядағы өмірбаяныңызда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтамын деп көрсеткен едіңіз бұрын. Қызметіңіз туралы жазылған соңғы жазбада экс-президенттің аты мүлде алынып тасталған екен. Жалпы, сайттағы бұл жазбаның өзіңіз өшірдіңіз бе, жоқ әлде техникалық қателік кетті ме?» деп сұрады.

Нұрлыбек Нәлібаев бұл сұраққа «Есімде жоқ, шынымды айтсам» деп қысқа ғана жауап берді. Брифинг модераторы журналистке «сұрағыңыз тақырыпқа сай емес деп», толыққанды жауап алуына мүмкіндік бермеді.

Нұрлыбек Нәлібаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған Бердібек Сапарбаевтың інісі. Бердібек Сапарбаев ұзақ жылар бойы облыс әкімі, министр, премьер-министрдің орынбасары сияқты қызметтерді атқарған.