Әлем тілдерінің рейтингі: қазақ тілі бар ма

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, 1996 жылы да, 2025 жылы да ең көп таралған тілдер қатарында қытайдың мандарин тілі, испан тілі және ағылшын тілі тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОРЫН АУЫСТЫРУ

1996 жылы төртінші орында болған бенгал тілі өз орнын жоғалтты. Оның қолданушыларының саны 189 миллионнан 242 миллионға дейін өскеніне қарамастан, 2025 жылы төртінші орынға хинди тілі шықты. Бұл тілді ана тілі ретінде қабылдайтындар саны 182 миллионнан 345 миллионға дейін артқан.

РЕЙТИНГТЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Орыс және жапон тілдері өз орындарын сақтап қалды – сәйкесінше жетінші және сегізінші орындарда.

ЖАҢА ТІЛДЕР

Рейтингтен екі тіл шығып қалды: неміс тілі және қытайдың ірі диалектілерінің бірі – у тілі. Олардың орнына алғашқы ондыққа пенджаби (Үндістан мен Пәкістанда қолданылады) және вьетнам тілі кірді.

2025 жылы әлемдегі ең танымал он тілдің қолданушылары – 3,1 миллиард адам. Бұл кезде жер шарындағы халық саны 8,1 миллиардқа жетті. Яғни алғашқы ондықтағы тілдерге тиесілі адамдар үлесі шамамен 38 пайызды құрайды. Дегенмен, көптеген тілдердің қолданушылары көбейіп жатқанымен, олардың үстемдігі біртіндеп әлсіреп келеді. Бұл туралы Naked Science басылымы жазды.