Қазақстандықтар мен ресейліктер: кімнің жалақысы көп

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің басым бөлігінде орташа айлық жалақы өсіп жатқанымен, Қазақстанда керісінше, долларлық баламада өткен жылғы деңгейден төмендеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еуразиялық экономикалық комиссия деректеріне сәйкес, қаңтар–қыркүйек айлары аралығында Қырғызстанда нақты орташа айлық жалақы 10,9%-ға, ал Беларусьта 10%-ға өскен. Бұл көрсеткіштер ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары өсім болып отыр.

САЛЫСТЫРУ

Ресейде нақты жалақы 4,5%-ға артса, Арменияда – 1,9%. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен деңгейде қалып отыр (–0,4%). Бұл инфляциялық факторлардың әсерін аңғартады.

ЕЛДЕР

АҚШ долларымен есептегенде орташа айлық жалақы:
– Ресейде – 1 137 доллар;
– Беларусьта – 851 доллар;
– Қазақстанда – 833 доллар;
– Арменияда – 759 доллар;
– Қырғызстанда – 490 доллар.