Кеңес фильмдері алкогольді насихаттады - режиссер

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Режиссер Әлішер Утев Кеңес фильмдері алкогольді қалыпты етіп көрсетті деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«5:32» және «Сержан Братан» телехикаяларының режиссері Алишер Утев алкогольдің көптеген қайғылы жағдайларда «қайтарымсыз шек» екенін айтты. Оның сөзінше, адамдар ішімдік әсерінен қорқынышты әрекеттерге барып, кейін тоқтай алмайды.

– Менің ойымша, алкоголь – барлық жамандықтың 99 пайызы. Мұны тек өз сезіміме сүйеніп емес, нақты статистикаға қарап айтып отырмын. «5:32»-ге қайта оралсақ: 10 жағдайдың 9-ында триггер – алкоголь. Ішіп алған, бірге тұратын адам, көршісі – бәрі мас күйінде төбелесіп, бірін-бірі өлтіріп жатады. Кейбірі оянып, сол күйді ұнатып қалады. Содан кейін осы сезіммен әрі қарай түрлі сұмдық әрекеттерге барады – дейді режиссер. 

Режиссердің пайымдауынша Кеңес фильмдері алкогольді белсенді дәріптеген. 

Алкоголь мен Кеңес Одағына қараңыздар. Шурик туралы фильмдерді еске алсақ та, қай жерде болмасын «қайтарымсыз шек» – алкоголь. Кейіпкер мас болып, Мәскеудің орнына Санкт-Петербургке ұшып кетеді. Бұл – сананы әдейі улау. Сол дәуірде халықтың миына алкоголь қалыпты нәрсе деген түсінік қатты сіңірілді. Ал шын мәнінде ол қалыпты емес, – деді режиссер YouTube арнасындағы Dope Soz бағдарламасында.

КОНТЕКСТ

Global Relocate дерегіне сәйкес, Қазақстан алкоголь тұтыну бойынша әлемде 187 елдің ішінде 101-орында. Әрбір адамға шаққанда – 4,5 литр. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдер арасында Молдова, Беларусь, Ресей, Украина, Армения және Қырғызстанда ішімдік көбірек ішілетіні көрсетілген.