Степногорда банк басшысы мен кассирі 255 млн теңге жымқырған

Ulysmedia

2022 жылғы желтоқсанда Степногор қаласында орналасқан банктердің бірінің филиалын жоспарлы тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, банк бөлімшесінің директоры мен кассир 255 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Алдын ала ақпарат бойынша, бір-бірімен сөз байласқан айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде кассадан алып шыққан.