Теміртауда автобустағы дау: ер адам жас жігітті пышақтады

Сырым Қаржас
ашық дереккөзден

Теміртауда автобустағы оқиға төбелеске ұласты. 18 жастағы жолаушы зардап шегіп, өзге адам оның аяғына пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Автобус салонында екі жолаушы терезені ашу-ашпау туралы келісе алмай, жанжалдасып қалған. Арты төбелеске ұласып, кейін ер адамдардың бірі пышақ алып шыққан. Куәгерлер бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Зардап шеккен жас жігітке медициналық көмек көрсетілді, алдын ала мәлімет бойынша, оның өміріне қауіп жоқ.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Полиция қызметкерлері күдіктіні – 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр. Тергеу бақылауда.