Алматыда көліктен отшашу атқылаған блогердің видеосы талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Видео Threads желісінде пайда болды. Видеода жүргізуші отшашуды көлікте отырып атқылағанын көруге болады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қалалық ПД-ның Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы құқық бұзушыны анықтап, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартатынын хабарлады.
ЕСКІ ВИДЕО
Алайда видеоны блогердің өзі жариялаған болып шықты. Алматылық жігіттің сөзінше, бұл ескі видео. Ол бұл видеосы үшін 2024 жылы желтоқсанда айыппұл төлеп, 10 күн қамауда отырып шыққан.