Ирандағы наразылық. Трамп Тегеранға сес көрсетті

Ulysmedia
cont.ws

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылыққа қатысты мәлімдеме жасады. Ол егер Иран билігі бейбіт демонстранттарға оқ атуға бұйрық беретін болса, АҚШ оларға көмекке келеді деді. Трамп бұл жөнінде X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Егер Иран оқ атып, бейбіт тұрғындарды өлтірсе, бұл олардың үйреншікті әдеті болса да, Америка Құрама Штаттары оларға қолдау көрсетеді. Біз әрекет етуге толық дайынбыз», – деді ол жазбасында.

Иран билігі егер АҚШ мемлекеттегі жағдайға араласатын болса, онда ол елде хаос тудыруы мүмкін деп ескертті.

Еске сала кетсек, Ирандағы наразылық 31 желтоқсанда басталды. Оған ұлттық валютаның құнсыздануы мен бағаның күрт өсуі себеп болған. AP агенттігінің хабарлауынша, наразылық кезінде кемінде жеті адам қаза тапқан.