Криптоәмиян арқылы 1,8 млрд жымқырғандардың ісі сотқа түсті

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қызылорда облысында цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

СХЕМА

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған.

ҚАМАУ

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды.