Шетелдік көліктерді заңдастыру: мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс уақыты ұзарды

Ulysmedia

2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы сағат 20-00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

 

едомстводан хабарлағандай, осы кесте бойынша орталықтар 2023 жылдың 6 ақпанына дейін адамдарды қабылдайтын болады, қандай да бір өзгеріс болып жатса, ол жайында қосымша хабарланады.

«Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші күні өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 836 өтінім мақұлданды, оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмірлік белгілер мен техпаспорттар алды», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер заңдастыруға жатады.