Қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

Ulysmedia

Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Instagram / csp_parasport.kz

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижесімен жеңімпаз атанды.

Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдегер атанған.