Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президент цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында:
1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін;
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі деп қаулы етті.