Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мұстабеков Асқар Досбосынұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін атқарып келген қызметінен босатылды.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Асқар Мұстабеков ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметін атқарған.
БҰҒАН ДЕЙІН
2024 жылы жазда Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатқан еді. Оның орнына генерал Дәурен Қосанов тағайындалды.