Дональд Трамптің сөзіне қарағанда, АҚШ-тың келесі әскери нысанасына Куба айналуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
АҚШ-тың Кубаға қысым жасауға басып кіру мен жарылыстар сияқты шектен тыс шаралардан өзге жолы қалмады. Мұндай мәлімдемені Ақ үй басшысы радиожүргізуші Хью Хьюиттке берген сұқбатында айтты.
— Қысым көрсету үшін ол жаққа барып, бәрін жарып жіберуден басқа амал көп қалды деп ойламаймын, — деді Трамп.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 3 қаңтарда Мадуро мен оның жұбайын америкалық арнайы жасақ операция барысында тұтқындаған. Алдымен оларды АҚШ-тың Гуантанамо әскери базасына алып кеткен, кейін Нью-Йоркке жеткізген.
АҚШ шабуылы кезінде 100-ден аса адам қаза тапқаны хабарланды.