АҚШ Украина мен Ресей бейбіт келісімге келуге жақын деп есептейді

Сырым Қаржас
Swissinfo

АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Украина мен Ресей бейбітшілікке бұрынғыдан да жақын екенін мәлімдеді, алайда шешуші кезең ең күрделі болмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мэттью Уитакер Калифорнияда Ronald Reagan Presidential Foundation ұйымдастырған іс-шарада сөйлеген сөзінде ол келіссөздер үдерісі түпкілікті шешімдер қабылданатын сәтке таяп қалғанын айтты.

- Қазір біз бейбіт келісімге жақын тұрмыз. Негізі, келісімді түйіндеу ғана қалды, — деді ол.

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ

Уитакердің айтуынша, соңғы қадамдар көбіне нақты ұсыныс бар әрі келіссөздер шешуші кезеңге жеткеннің өзінде қиынға соғады. Ол реттеу үдерісін америкалық футболдағы ойын сәтімен салыстырды:

- Америкалық футболда қызыл аймақтағы соңғы ярд — ең ауыр кезең. Меніңше, бұл ойды мұнда да қолдануға болады. Соңғы ярд оңай болмайды, бірақ менде жақсы сезім бар, — деді Уитакер.

ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕДІ

Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың 2026 жылдың алғашқы жартысында аяқталуы мүмкін екенін, ал келіссөздер, оның айтуынша, жаңа деңгейге шыққанын мәлімдеген болатын. Ал 14 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында бейбіт келісімге қол қоюға дәл Украина тарапы кедергі келтіріп отыр деген пікірін білдірді. Трамптың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин келісімге дайын, ал Украина «онша дайын емес». Неліктен реттеу әлі жүзеге аспай отырғаны туралы сұраққа Трамп: «Зеленский», — деп жауап берді, бұл бағалаудың қандай негізге сүйенгенін нақтыламады.